Қырғызстанға 19 наурызда Қытайдан COVID-19 вакцинасының 150 мың дозасы жеткізіледі

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның Республикалық иммундық алдын алу орталығының директоры Гүлнара Ишенапысова «Кабар» агенттігіндегі баспасөз конференциясында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау және оны ұйымдастыру процесін ұйымдастыру қажеттілігі мен маңыздылығы туралы баяндады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның «Кабар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Қырғызстанда халықтың 70 пайызына екпе салынуы тиіс. Дамудың төменгі деңгейі ретінде Қырғызстан 94 елмен бірге COVAX бағдарламасына кірді.

«Бұл бағдарламаға мүшелік аясында біз гуманитарлық көмек ретінде вакцинаның келуін күттік. Бізге AstraZeneca вакцинасы ұсынылды. Бұл вакциналарды алуға тағы басқа көптеген процедуралар кіріп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені премьер-министр деңгейіне көтеріп, бүгінде біз бұл келісімді үкіметке тапсырдық. Үкіметпен бірлесіп жауапкершілікті орнататын боламыз. Біз вакцинаны сәуір айында күткен едік, бірақ Данияда бұл вакцинаның жанама әсерінің оқиғалары анықталған соң, оның ресми қорытындысының шығуын күттік», - деді Ишенапысова.

Ол үкіметтің бұдан басқа ковидке қарсы вакциналарды алу үшін Ресей және Қытаймен жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.

«Гуманитарлық көмек ретінде ресейлік вакцинаның 500 мың дозасы мен қазіргі кезде ДДҰ-да тіркеуден өтіп жатқан қытайлық Sinopharm вакцинасының 150 мың дозасын күтіп отырмыз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бірінші кезеңде екпе салу пунктері Бішкек, Ош, Қант қалаларында және Шу ауданының Сокулук ауданында ашылады.


Соңғы жаңалықтар