Қырғызстандықтар жұмыс істеп жатқан зауыттың төбесі құлап, 10 адамды басып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Сахалин облысының Паранойск қаласында Қырғызстан азаматтары жұмыс істеп жүрген бұрынғы целлюлоза-қағаз зауытының шатыры мен қазандығының қабырғалары құлап түсті. Бұл туралы  Қабар агенттігі Ресей Федерациясындағы Қырғызстан Республикасының елшілігіне сілтеме жасап.

19 тамыздағы мәліметке сәйкес, Паранойскідегі бұрынғы қағаз зауыты қазандығының ғимаратын бұзу кезінде төбесі опырыла құлаған. Үйінділердің астында шамамен 10 адам қалған.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметіне сәйкес, үйінділердің астынан 8 адам шығарылған. Олардың екеуі кішігірім жарақаттар алып, 5 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Оқиға салдарынан бір адам мерт болып, денесі мәйітханаға жеткізілген. Қаза тапқан адамның аты-жөні анықталуда.

Зардап шеккендердің арасында Қырғызстан азаматтары болды ма, жоқ па - елшілік нақты айтпай отыр.

Соңғы жаңалықтар