+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қырғызстандық 73 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізбек болды

2021 жылғы 26 қараша 14:45
Бөлісіңіз:
Қырғызстандық 73 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізбек болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат –Алматы облысының кеден бекеттерінің бірінде жалған құжат рәсімделіп, шекарадан заңсыз шығарылған тауар тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Степногордағы әлімжеттік: жеті тәрбиеленуші оқудан шығарылды Сауда орталығындағы субұрқаққа секірген елордалық ұсталды Ер адам бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ұсталды - Алматы облысы

Қырғыз елінің азаматы балалар және спорттық аяқ киімдерді «Алтынкөл-Жол» кеден бекеті арқылы өткізіп, Қырғызстан Республикасына жеткізбек болған. Экономикалық контробанда фактісін Қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтаған.

Ведомствоның хабарламасына сәйкес, заңсыз өткізілмек болған тауардың жалпы сомасы 73 млн теңге. Ілеспе құжаттарда жалған мәлімет көрсетіліп, тауарлар декларацияланбаған. Заңбұзушыға 2,2 млн теңге айыппұл салынып, тәркіленген тауар мемлекет кірісіне айналдырылатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT