Қырғызстандағы шетелдік компаниялар «Google салығын» төлейтін болды

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда электронды қызмет көрсететін алғашқы шетелдік Yandex Go, Megogo және Xsolla компаниялары қосымша құн салығын (ҚҚС) төлейтін болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметтерді электронды түрде сататын барлық шетелдік компаниялар республика бюджетіне қосылған құн салығын төлеуге міндетті. ҚҚС мөлшерлемесі көрсетілген қызмет көлемінің 12%-ын құрайды.

Ведомство vat.salyk.kg электронды сервисін іске қосты. Бұл сервис электронды қызмет көрсететін шетелдік ұйымға ҚҚС төлеуші ретінде қашықтан тіркелуге, сәйкестендірілген салық нөмірін алуға және жеке кабинетке кіруге мүмкіндік береді.

«Google салығы» деп аталатын төлемді жеткізу орны елдің аумағы деп танылған Қырғыз Республикасында тіркелген домендік атау немесе IP мекенжайын пайдаланбай электрондық нысанда қызмет көрсететін шетелдік ұйымдар төлейді.


Соңғы жаңалықтар