+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Қырғызстандағы сайлау конституциялық реформадан кейін өтеді

2020 жылғы 23 қазан 10:55
Бөлісіңіз:
Қырғызстандағы сайлау конституциялық реформадан кейін өтеді

БІШКЕК. КАБАР. ҚазАқпарат – Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров «ҚР Президенті мен Жоғарғы Кеңес депутаттарын сайлау туралы «Қырғыз Республикасының Конституциялық Заңының кейбір нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы» ҚР Конституциялық Заңына қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесі аталмыш заңды 2020 жылдың 22 қазанында қабылдады.

Бұл Конституциялық заңды қабылдау қажеттігі бірқатар мән-жайлардан, сондай-ақ елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалдан туындап отыр.

Қабылданған заңда конституциялық реформа жүргізу аяқталғанға дейін Жоғарғы Кеңес депутаттарының қайта сайлауын өткізу тәртібі регламенттелген «Жоғарғы Кеңес Президентін және депутаттарын сайлау туралы» Қырғыз Конституциялық Заңының 38 және 63-баптарының қолданысын тоқтата тұру көзделеді. Жоғарғы Кеңес депутаттарын сайлауды өткізу мерзімі Конституциялық реформа жүргізілгеннен кейін осы елдің заңнамасына сәйкес, бірақ 2021 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей белгіленеді.

Еске салсақ, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті.Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті. Дауыс берудің алдын ала мәліметі бойыншы, 7% межені 4 партия еңсерді.

Ал, 5 қазан күні сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда митинг ұйымдастырып, одан кейін Ақ үйге беттеді. Оларды тарқату үшін милиция көз жасаурататын газ, суатқыш және газ-шуылды құрылғылар қолданған. Бішкек уақытымен сағат 22.00-дегі мәлім бойынша, ауруханаға зардап шеккен 16 адам жеткізілген. Кейінгі мәлімет бойынша, зардап шеккен адамдар саны 911-ге жетті.

Елдің Ішкі істер министрлігі митингті ұйымдастырушылар мен партия басшыларын өз жақтастарын үйлеріне қайтаруға шақырды.

Осы оқиғалардан кейін Жоғарғы Кеңестегі сайлау ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына жоспарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT