Қырғызстандағы президенттік сайлауда кім жеңіске жетеді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы президенттік сайлауға дейін 5 күн қалды. Сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі аясында кандидаттар сайлаушылармен кездесу мақсатында және өздерінің бағдарламаларын түсіндіру тұрғысында елдің барша өңірлерін аралап келді. Осы орайда «ҚазАқпарат» тілшісі танымал саясаттанушы Марс Сариевпен кездесіп, сайлау науқанына байланысты оның пікірін білді.

«Бастапқыда рейтингте кандидат Өмірбек Бабанов елеулі түрде басымырақ болды. Ол қомақты қаржылық ресурсты пайдалана отырып, сайлау алдындағы науқанды белсенді түрде бастап кетті",- деп ойымен бөлісті саясаттанушы. "Кейіннен Сооронбай Жээнбеков жағдайды түзетуге қауқарлы болды, сондықтан қазіргі кезде олар теңбе тең келе жатыр деп пайымдаймын. Біздің елдің ерекшелігін ескерсек, күн сайын қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін. Осы орайда кандидаттардың рейтингі де құбылып тұрады".

- Соңғы уақытта әртүрлі деректермен көптеген рейтингтер пайда болды. Бұл ретте солардың қайсысына сенуге болады?

- Осы мәселеде беделді тәуелсіз рейтинг агенттіктерінің көрсеткіштеріне сенер едім. Алайда олар бүгінде біздің елде рейтинг жасамай жүр. Ал қалған көрсеткіштер қандай мәліметтерге сүйеніп отырып жасалғанын айту қиын. Көбінесе рейтингке кімдер тапсырыс берсе, солар көш бастайтыны белгілі. Сондықтан да бұнда  й рейтингтер олардың объективтілігіне күмәнмен қарауға итермелейді.

- Жалпы, қазіргі сайлау алдындағы додаға қандай баға берер едіңіз?

- Өткен телесайысқа қарап отырсақ, біздің алға жылжып келе жатқанымызды байқауға болады. Бұл тұрғыда әрбір жаңа сайлау сайын демократиялық негіз арта түседі деп сенемін. Ең бастысы, қазіргі кезде алдағы 6 жылға қандай президенті қалайтындығын тек халық қана шешуі тиіс. Дауыс беруге бірнеше күн қалғанның өзінде де, жеңіске үміткерлердің арасында біреуіне кепілді түрде жеңеді деп басымдық беру мүмкін емес.

Соңғы жаңалықтар