+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қырғызстандағы Қазақстанның медицина күндері денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа серпін берді

2019 жылғы 13 қараша 13:56
Бөлісіңіз:
Қырғызстандағы Қазақстанның медицина күндері денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа серпін берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Қазақстан медицинасының күндері басталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда 10 мың адамға қызмет көрсететін отбасылық денсаулық орталығы ашылды Қоғамдық денсаулық сақтау институты әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырды Нұр-Сұлтанда әрқайсысы 23 млн теңге тұратын 20 жедел жәрдем көлігі сатып алынды

13-14 қараша аралығында көрші республикаға Қазақстаннан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 100-ден астам делегат барады.

Делегация құрамына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, жетекші медициналық орталықтардың, Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және жеке ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, фармацевтикалық өндірушілердің, медициналық қауымдастықтың өкілдері бар.

Қырғызстандағы Қазақстанның медицина күндері - бұл Қазақстан мен Қырғызстанның денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, екі республиканың азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірибе мен білім, инновациясын және технология алмасуға бағытталған іс-шара.

Қазақстан ЕАЭО нарығында медициналық туризмді дамытуға және медициналық және білім беру қызметтерін, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен отандық медициналық өнімдерді жылжытуға ниетті.

Бішкектегі шараның ашылуында ҚРДенсаулық сақтау министрі құттықтау сөз сөйледі. Ол екі мемлекеттің ортақ тарихи және мәдени тамыры тереңде екенін, сондай-ақ өзара қарым-қатынасты нығайту және дамытуға арналған жиындардың маңыздылығын атап өтті.

Елжан Біртанов: «Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау шығындары 2020 жылдың қаңтарынан 2025 жылға қарай 3,2%-дан 5%-ға дейін көтеріледі. Ал Елбасының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай МСАК және қоғамдық денсаулық шығындарының үлесі 60% дейін жетеді»,- деді.

Министр мемлекеттік қолдаудың, қарқынды жұмыс пен кешенді тәсілдің арқасында соңғы бес жыл ішінде иематериялық өлім-жітімнің 2,6 есеге 7,9% -дан 5,4% -ға дейін; туберкулезден өлім-жітімнің 20%-дан 51% -ға дейін 5,4 есеге; қан айналымы жүйесі ауруларынан 2,5 есеге, 4,2% -дан 19,2%-ға дейін; онкология 3,7 есеге, 13,1%-дан 3,5%-ға дейін, жарақаттан өлім-жітім 7,2 есеге азайғанын айтты.

Министр «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған қажетті институционалдық өзгерістерді іске асыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Елжан Біртанов қоғам денсаулығын қорғаудың және медициналық-санитарлық алғашқы көмекті нығайтудың жаңа саясаты туралы баяндады. Осылайша, 2019-2020 жылдарға арналған МСАК дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Биыл Қазақстанда 1 300-ден астам МСАК учаскесі ашылды, ал 2022 жылға қарай МЖӘ есебінен 595 МСАК нысаны салынып, жаңартылады. Бұл нысандарды ірілендіруге және қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, министр қырғыз әріптестеріне Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы статистикалық деректердің сапасын жақсарту және цифрландыру саласындағы жетістіктері туралы айтып берді. Сонымен, қаңтардан бастап мемлекеттік медициналық ұйымдар медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізуге көшті. Бүгінде халықтың 95% электрондық денсаулық паспорты қолжетімді, ал емханалардағы кезек 30% қысқарды.

«Жоғары оқу орындары түлектерін аймақтарға бөлудің арқасында биыл МСАК дәрігерлерінің тапшылығы 900 адамға азайды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жас кадрларды әлеуметтік қолдау айтарлықтай күшейтілді. Биыл республикалық Комиссия әр өңірдің қажеттілігі негізінде 3776 жас дәрігерді ауыл-аймаққа бөлді, оның ішінде ауылға – 1819 адам барды»- деді Елжан Біртанов.

Министр атап өткендей, Елбасы тапсырған әлеуметтік шараларды жүзеге асыру аясында биыл 1 маусымнан бастап медициналық қызметкерлердің жалақысы 30% дейін өсті. Бұдан басқа, 2020 жылдың 1 қаңтарынан жалақы шығындары: дәрігерлер үшін 30%, медбикелер үшін 20% артады.

Елжан Біртановтың айтуынша, 2018 жылдан бастап республикада дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету орталықтандырылған, дәрі-дәрмек сатып алудың ашықтығы қамтамасыз етілген, тегін дәрі-дәрмек берудің электрондық есебі енгізілген, Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылған.

Қазақстанда дәрілік заттардың бағасын реттеу жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылға Бірыңғай дистрибьютордың тізімін қалыптастыру кезінде ДЗ бағасы 40% дейін төмендетілді.

Бұдан басқа, жалған дәрі-дәрмектерді анықтау үшін дәрілік заттарды таңбалау бойынша пилоттық жоба басталды. 2020 жылдан бастап электрондық рецептер міндетті болады.

Министр 2022 жылға дейін онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспардың іске асырылатынына тоқталды. Жоспар бойынша қосымша бөлінген 35 млрд 32-і тегін медициналық көмекті кеңейтуге, оның ішінде молекулярлық-генетикалық тестілеуге, сәулелік терапияға және паллиативтік көмекке бағытталған. Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылуда, ол сәулелік және протондық терапияға арналған заманауи жабдықтармен жарақтандырылады.

«Денсаулық сақтауды қаржыландыру тиімділігін арттыру шеңберінде МӘМС-ке дайындық жүргізілді, оның аясында медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесі негізінде ТМККК жаңа моделі мен МӘМС пакеті енгізіледі» – деді министр.

Мәселен, бірінші деңгей мемлекеттік бюджет есебінен ТМККК ел аумағында тұратын адамдардың 100% қамтиды. Екінші деңгей бойынша –ТМКК тыс МӘМС аясында халықтың 94,5% медициналық қызмет көрсетеледі деп жоспарланған. Үшінші деңгей - бұл ерікті медициналық сақтандыру есебінен немесе ақылы негіздегі медициналық қызметтер.

Осылайша, егер 2019 жылы әр адамға бюджеттен бөлінетін медициналық қызмет көрсету шығыны 55 мың теңге болса, МӘМС арқасында 67% - 90 мың теңгеге дейін өседі.

Шара соңында Елжан Біртанов Министрлік әзірлеген денсаулық туралы жаңа кодекстің жобасын және 2025 жылға дейін Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы туралы айтып берді.

«Жаңа кодексте қоғамдық денсаулықты қамтамасыз етуде азаматтардың ынтымақты жауапкершілігін анықтауға, медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге бағытталған бірқатар маңызды бөлімдер қарастырылған, электрондық денсаулық сақтаудың заманауи аспектілері белгіленді», – деді министр.

Ал Денсаулық сақтауды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға серпіліс береді. Оның ерекшелігі Халықаралық денсаулық бағдарламалары негізінде балалар мен жастардың денсаулығына көңіл бөлінеді.

Елжан Біртановтың айтуынша, мемлекеттік бағдарламаның мақсатты индикаторлары қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуге және негізгі инфекциялық емес аурулардан ерте өлім-жітімді азайтуға бағытталатын болады.

Форум аясында еліміздің жетекші мемлекеттік және жеке клиникаларының бірінші басшылары Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы реформалар туралы және медицинадағы жаңа технологиялар туралы баяндама жасайды.

Қазақстандық қонақтар медициналық туризмді дамыту, онкологияда заманауи ядролық технологияларды қолдану, ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту, денсаулық сақтауды цифрландыру сияқты мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, қазақстандық медицина күндері аясында медициналық көрме өткізілуде. Көрмеде қазақстандық клиникалардың, университеттердің және өндірушілердің имиджін, қызметтері мен өнімдерін ұсынатын медициналық көрме ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, 14 қарашада жетекші қазақстандық мамандардың қатысуымен Бішкектегі травматология және ортопедия орталығында 3 шеберлік сабақтары өтеді, сонымен қатар Бішкектегі жетекші клиникалар базасында қырғыз пациенттерінің қазақстандық дәрігерлерінің тегін консультациясы өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT