Қырғызстандағы Боом шатқалында тағы да сел жүрді

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Боом шатқалындағы Бішкек-Нарын-Торугарт автожолының 136-шақырымында сағат 16:30-да көлемі шамамен 600 текше метр болатын тағы да сел жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, алдымен жолдың екі бағытында да көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды. Сағат 17:10-нан бастап көлік қозғалысы үшін Бішкек бағытындағы жол ашылды.

«Қазіргі уақытта сел тасқыны салдарын жою үшін оқиға орнына бір жүк тиегіш барды», - делінген хабарламада.

30 шілдеде Шу облысының Кемин ауданында Бішкек-Нарын-Торугарт тас жолында сел жүрген болатын. Сол кезде сел теміржолды шайып кетіп, Бішкек-Балықшы теміржол қатынасы тоқтатылған еді.





Фото: kabar.kg


Соңғы жаңалықтар