Қырғызстандағы Боом шатқалында сел жүрді

Фото: None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Боом шатқалындағы Бішкек-Нарын- Торугарт автожолының 136-шақырымында сағат 16:30-да көлемі шамамен 600 текше метр болатын сел жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, алдымен жолдың екі бағытында да көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды. Сағат 17:10-нан бастап Бішкек бағытындағы көлік қозғалысына рұқсат етілді.

«Сел тасқыны салдарын жою үшін оқиға орнына бір жүк тиегіш барды», - делінген хабарламада.

30 шілдеде Шу облысының Кемин ауданында Бішкек-Нарын-Торугарт тас жолында сел жүрген болатын. Сол кезде сел салдарынан теміржол шайылып кетіп, Бішкек-Балықшы бағытындағы пойыз қатынасы тоқтатылған еді.





Фото: kabar.kg


Соңғы жаңалықтар