Қырғызстанда жыл сайын 800-ге жуық жер сілкінісі болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда жыл сайын 800-ге жуық жер сілкінісі болып жатады. Бұл туралы сәрсенбі күні көпшілік коалициясының отырысында Қырғызстан премьер-министрі Темір Сәриев мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.

«Былтыр елдің оңтүстігінде болған жер сілкіністері кезінде 500-ден астам үй тұруға қолайсыз деп танылған, оларды қалпына келтіру - мемлекеттің ісі. Елімізде жер сілкінісі жылына 798 рет, сел - 121 рет, құйындар - 1 рет, су тасқындары - 762 рет, өрт - 3 мыңнан астам рет болады», - деді Т.Сәриев.

Соңғы жаңалықтар