Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаты қазақ диаспорасының төрағасы болып сайланды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте Қырғызстан Қазақтары қауымдастығының кезектен тыс съезі болды. Онда жаңа төраға сайланып, ұйымның жарғысына түзетулер енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Съезд Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Гүлшат Асылбаеваны бірауыздан қазақ диаспорасының төрағасы етіп сайлады.

Ол съезд қатысушыларына өзіне сенім артқаны үшін алғыс білдіріп, Қауымдастықтың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызын тілге тиек етті. Қырғызстан халқының бірлігін нығайту мәселелерінде мемлекеттік биліктің барлық тармағымен өзара ықпалдастығын атап көрсетті.

Гүлшат Асылбаева шара қатысушыларын Құрбан айтпен құттықтап, бірлік, ынтымақ, елдің бейбіт гүлденуін тіледі.

Одан әрі Қауымдастықтың алдағы даму мәселелері талқыланып, жоспарлар белгіленді.

 

Соңғы жаңалықтар