Қырғызстанда жоғалған қазақстандық 5 жасар бала табылды

None
None
БІШКЕК-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ыстықкөлде қырғызстандық милиция Қазақстаннан демалуға барған туристердің баласын тауып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.


Агенттіктің хабарлауынша, кеше Ыстықкөл облысының Бостері демалыс орнындағы жағажайлардың бірінде, шамамен 15:00-де қазақстандық туристер жергілікті милицияға барып, бес жасар баласын табуға көмектесуін өтінген.

Бішкек туристік милициясының қызметкерлері кешенді іздеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде 2 шақырым жердегі басқа демалыс орнынан аман-есен табылды.

Өз кезегінде, баланың ата-анасы Бішкектің туристік милиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар