+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қырғызстанда жергілікті кенештерге сайлау және Конституция бойынша референдум басталды

2021 жылғы 11 сәуір 09:15
Бөлісіңіз:
Қырғызстанда жергілікті кенештерге сайлау және Конституция бойынша референдум басталды

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстанда бүгін, 11 сәуір күні сағат 08.00-де жергілікті кенештерге сайлау және жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сайлауға өту шегін төмендету, «Барлығына қарсымын» графасын енгізу: Мәжіліс Президент ұсыныстарын қолдады Мәжіліс аудан әкімдерін сайлау бойынша заң жобасын мақұлдады Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында кешеден бері шиеленіс жүруде

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шалдайбекова мәлім еткендей, ел бойынша барлығы 2 483 сайлау учаскесі ашылды. Жергілікті кенештерге сайлау 448 қала мен ауылда құрылған 2273 дауыс беру пунктінде өтеді.

«28 қалалық кенешке 59 партия тіркелген. 796 орынға 11 782 кандидат үмітті. Орташа, 1 орынға 59 партиядан келіп отыр.

420 ауылдық кенеш депутаттығына 18 772 адам үмітті. Бір 1 орынға орташа 2,5 адамнан келеді», - деді ол.

Барлығы жергілікті кенештер сайлауына 3 млн 318 мың 130 электорат тіркелген. Ал референдумға – 3 млн 606 мың 201.

Сонымен қатар сайлау барысын 183 халықаралық байқаушы және Қырғызстанның 11 қоғамдық ұйымы бақылайтын болады. Ақпаратты шетелдік және жергілікті 179 БАҚ таратады.

Қырғызстан азаматтарына түрлі түстегі екі бланк, сондай-ақ жегілікті кенеш сайлауына және референдумға қатысу үшін биометриялық сәйкестендіруден өтуге арналған екі чек берілетін болады.

Жогорку Кенеш депутаттары «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» Заң жобасы бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) тағайындау туралы» заң жобасын мақұлдап, референдумды биылғы 11 сәуірге белгілегенін бұған дейін жазған болатынбыз.

Жаңа Конституция жобасындағы басты айырмашылық – президенттік басқару нысанына көшу. Сондай-ақ депутаттар санын 120-дан 90-ға дейін қысқарту ұсынылып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT