09:57, 30 Шілде 2021 | GMT +6
Қырғызстанда жеңіл көлік өзенге құлап, екі адам мерт болды
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанның Алай ауданының Ош-Сары-Таш-Эркештам (Қызыл-Қорған ауылы) автожолының 93 шақырымында «Тайота Ист» көлігінің жүргізуші көлікті басқара алмай, Гулчо өзеніне құлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
ТЖМ-нің хабарлауынша, оқиға орнына №68 Өрт сөндіру бөлімшесінің 4 құтқарушысы шыққан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынын 1970 жылғы А.К. есімді ер адам мен 1971 жылғы Т.О. есімді әйел көз жұмды.
Оқиға орнына келген құтқарушылар автокөлікті өзеннен шығарып, қайтыс болғандардың денелерін ІІМ қызметкерлеріне табыстады.