Қырғызстанда жарықты ара-тұра сөндіру шарасы енгізілмек

None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанның ұлттық электр желісі жарық беруде қысқамерзімді үзілістер болатынын және бұл туралы абоненттерге ескертіліп отыратынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын мәліметінше, қатты суық салдарынан электр энергиясын тұтыну айтарлықтай артқан. Бұл электр желісі жабдығына шамадан тыс жүктеме түсіреді. Күрделі апаттар мен энергетикалық жабдықтың істен шығуын болдырмау үшін арнайы шаралар жүргізіле бастады.

Бұған дейін қай ауданда, қай уақытта электр энергиясы көп тұтынылатынын хабарлау мүмкін емес еді. Дегенмен, соңғы тәуліктегі шамадан тыс жүктемеге байланысты үзілістерді талдағаннан кейін, қандай аймақтарда артық жүктеме және қысқамерзімді үзілістер күтілетінін анықтау мүмкіндігі пайда болды. Аймақтық электр желілері абоненттерді қысқамерзімді үзілістер туралы хабардар етеді.

Ауа температурасының қалыптан тыс суық болуына байланысты «Қырғызстан ұлттық электр желісі» АҚ бірқатар шараларды қолға алды:

- компанияның орталық аппараты басшылығының, барлық филиалдар басшыларының, сондай-ақ жауапты мамандар кезекшілігі ұйымдастырылды;

- объектілерде персоналдың қосымша түнгі ауысымы ұйымдастырылды;

- төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел жою схемасын әзірлей отырып, авариялық жөндеу бригадасы дайындалды;

- жөндеу бригадалары көліктермен және қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілген.

Компания төтенше жағдайларды болдырмау үшін халықты жағдайға түсіністікпен қарауға және электр энергиясын үнемдеп тұтынуға шақырды.


Соңғы жаңалықтар