Қырғызстанда жануарлардың кейбір түрлерін аулауға тыйым салынды

None
Фото: pavlodarnews.kz
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның Ыстықкөл және Нарын облыстарында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Марко Поло тұқымды қой, тау ешкі, елік, қабан және ұлар аулауға үш жылға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қырғызстан Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігіне сілтеме жасап.

Жануарлардың жекелеген түрлерін аулауға шектеулер жануарлар дүниесін сақтау, өсімін молайту, сондай-ақ елдің биологиялық әртүрлілігін қорғау мақсатында енгізілді.

Қырғызстан Үкіметінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі қаулысына сәйкес, аталған жануарларды арнайы пайдалануға шектеулер елдің әртүрлі аймақтарында сараланған түрде қолданылады. 2017 жылғы 1 шілдеден 2020 жылғы 1 шілдеге дейін олар Талас және Жалал-Абад облыстарына, Шу облысының Аламудун, Сокулук, Жайыл және Кемин аудандарына қатысты, 2020 жылғы 1 шілдеден 2023 жылғы 1 шілдеге дейін Ош және Баткен облыстарында, Шу, Ысык-Атин, Мәскеу және Панфилов аудандарында жарамды.

Ведомство азаматтарға елдің табиғатты қорғау заңнамасын сақтау қажеттігін ескертеді.


Фото: pavlodarnews.kz.


Соңғы жаңалықтар