Қырғызстанда тұрғын үйді сату және сатып алу кезінде сақтандыру міндетті болуы мүмкін

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерін жасау кезінде жылжымайтын мүлікті өрт және табиғи апаттан сақтандыру полисінің болуы міндетті талапқа айналады.

Тиісті заң жобасын Қырғызстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру жүйесі өрт және дүлей зілзала кезінде келтірілген залалды тез арада өтеуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арналған мемлекет шығындарын қысқартуға, сақтандыру жүйесін кезең-кезеңімен жетілдіруге, ел азаматтарының сақтандыру мәдениетiн арттыруға септігін тигізіп, тұрғын үйге келтiрiлуi мүмкiн материалдық залалды өтеудi және бүлiнген тұрғын үй-жайларды қалпына келтiрудi, сондай-ақ бюджеттiң кiрiс бөлiгiн толықтыруды қамтамасыз етедi.

Міндетті сақтандыру жүйесін нығайту төтенше жағдай кезінде халықты залалды уақтылы өтеумен қамтамасыз етуге, азаматтардың қаржылық төлем қабілеттілігін сақтауға және залалды өтеудің мемлекеттік емес көзін қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар