Қырғызстанда туған азамат 35 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында көші-қон қызметінің полицейлері 1985 жылы көшіп келген азаматқа жеке куәлік алуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғызстанда дүниеге келген 68 жастағы ер адам Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында 35 жыл бойы жеке куәліксіз жүріпті. Осы уақытқа дейін оның Фрунзе қаласының Ішкі істер органдары 1978 жылы берген КСРО төлқұжаты болған.

«Көші-қон қызметінің полиция қызметкерлері өміріндегі қиындықтарға байланысты жеке куәлік жасата алмай жүрген адамға құжат жинасуға көмектесті. Қазір ол заңды түрде Қазақстан Республикасының азаматы атанды» - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар