Қырғызстанда тікұшақ апатқа ұшырады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ыстықкөлде Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы жерге қонып жатқан кезде бір қырымен аударылып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kabar-ға сілтеме жасап.

«Бүгін, 2018 жылдың 9 шілдесінде Оңтүстік Южный Энильчек алаңында құтқару операциясын жүргізу кезінде Қырғызстан Республикасы Қарулы күштерінің Ми-8 МТВ тікұшағы апатқа ұшырады», - деп хабарлады Қырғызстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі.

Аталып өтілгендей, тікұшақ жерге қону кезінде қатты желдің салдарынан сол жақ қырына аударылып кеткен. Алдын ала дерек бойынша, 4 адам зардап шекті. Қазіргі таңда зардап шегушілер эвакуацияланып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар