Қырғызстанда темекі шегуге тыйым салатын жаңа белгі пайда болады

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның қоғамдық орындарында темекі мен никотин шегуге (тұтынуға) тыйым салатын жаңа белгі пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Толық тыйым салуды білдіретін қызыл шеңберде темекі, темекі қыздырылатын өнімдер, никотин (оның ішінде электронды темекі), кальянды жеткізудің электронды жүйелері бейнеленіп, үстінен сызықпен өткен.

Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес бұл белгі темекі мен никотин шегуге тыйым салынған аумақ, ғимараттар, соның ішінде мемлекеттік органдар мен өзін өзі басқару органдары, білім беру ұйымдары, қоғамдық тамақтану орындары, басқа да объектілердегі әрбір кіреберісте орнатылады.


Соңғы жаңалықтар