Қырғызстанда шетелдіктер үшін ойын орындарын ашуға рұқсат етілді

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстан Республикасының министрлер кабинеті ойын қызметін реттеу туралы ереже жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, елде казино, ойын автоматтары залы, букмекерлік кеңсе, тотализатор, онлайн және электронды (виртуалды) казино қызметіне рұқсат етілген. Осындай әрбір мекеменің ашылуы және ресми жұмыс істеуі үшін ойын қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияны алған күннен бастап 10 жыл мерзімге берілетін рұқсат алу қажет болады.

Ойындарға Қырғызстан азаматтары, 21 жасқа толмаған, сондай-ақ қабілеті жоқ шетел азаматтарының қатысуына тыйым салынады.

Ойын мекемелерінің клиенттеріне алкогольдік мас күйінде ойнауға рұқсат етілмейді, ойын мекемесінің рұқсатынсыз киноға, суретке, бейнеге түсіруге, сондай-ақ ойын мекемесінің қызмет көрсету аймағына кіруге тыйым салынады.

Қырғызстандағы ойын мекемелерінің жұмысын Қаржы нарығын реттеу және қадағалау қызметі реттейтін болады.




Фото: images.pexels.com


Соңғы жаңалықтар