Қырғызстанда шетелдік инвестиция көлемі өсті

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда 2022 жылдың қорытындысы бойынша елге тартылған шетелдік инвестиция көлемі 4%-ға өсіп, 1 046, 1 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Қырғызстанның Ұлттық статистика комитеті жариялаған деректерге сәйкес, тікелей шетелдік инвестицияның 95%-дан астамы пайдалы қазбаларды өндіруге, өңдеуші өнеркәсіп, қаржы және сақтандыру, көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ ақпарат пен байланыс саласына бағытталған.

2022 жылғы шетелдік инвестиция 2021 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда Корея Республикасынан құйылған инвестиция – 18,1 есеге, Кувейттен – 15,4 есе, Жапония – 11,1 есе, БАӘ – 5 есе, Германия – 2,6 есе, Түркиядан – 1,4 есеге өскен.

Сонымен қатар осы кезеңде ТМД елдерінен тартылған инвестиция көлемі азайған. Мәселен, Қазақстаннан 20,1%-ға және Ресей Федерациясынан 9,7%-ға қысқарған. Жалпы Қырғызстан экономикасының негізгі инвесторлары – Түркия (30,7%), Қытай (26,3 %), Нидерланды (5,9%) мен Ұлыбритания (2,8%).


Соңғы жаңалықтар