Қырғызстанда селден 6 адам қаза тапты, тағы екі бала іздестіріліп жатыр
ТЖМ хабарлағандай, Ақ-Жол ауылында, Жолборсту ауылында жолдар мен көпірлер бүлінген.
Таштақ ауылында екі баланы ағын су ағызып кетті.
Жалпы, сел тасқыны 8 адамның өмірін қиды, оның 6-ауы табылды.
Қалғандарын (екі баланы) іздеу жұмысы жалғасып жатыр.
Бүгін іздестіру жұмыстарына Қырғыз Республикасының ТЖМ 20 құтқарушысы, Ақсый ауданынан 6 құтқарушы, 7 милиция қызметкері және 40 жергілікті тұрғын тартылды.
Ақсый ауданында милиция қызметкерлері тұрғындарға сел тасқынының салдарларын жоюға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектесуде.
Милицияның мәліметінше, 2021 жылғы 12 шілдеде сағат 19:00-де Ақсый ауданы Ішкі істер органына жергілікті тұрғындардан нөсер жаңбыр салдарынан Жаны-Жол мен Ақ-Жол ауылдық округтерін қосатын Таңды-Бұлақ жайылымын топан су басқаны туралы хабар келіп түскен. Сел тасқыны 8 адамның өмірін қиды.