Қырғызстанда сел жүріп, 2 көпір мен 20 га егістік алқабын шайып кетті

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Бүгін Ыстықкөл ауданында жауын-шашынға байланысты сел тасқыны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бидай мен беде егілген 20 гектар алқапты су шайып кеткен.

Сондай-ақ, Балықшы-Ананьево-Каракол автожолының Сары-Қамыш ауылы тұсындағы 8-шақырымы су астында қалды, бірақ жол жабылмады.

Сонымен қатар, селден екі көпір мен арықтар шайылды.

Оқиға орнында ведомство қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.



Фото: kabar.kg

Соңғы жаңалықтар