USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Қырғызстанда сайлау өтіп жатыр

2021 жылғы 28 қараша 10:36
Бөлісіңіз:
Қырғызстанда сайлау өтіп жатыр

БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат– Қызғызстанда бүгін, 28 қарашада Жогорку Кенеш депутаттар сайлауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

ОСК өкілі Нұржан Шайлдабекованың мәліметінше, Жогорку Кенештің жаңа құрамы 90 депутаттан тұрады және аралас сайлау жүйесі бойынша 5 жылға сайланады. Осылайша, Жогорку Кенештің 54 депутаты пропорционалдық жүйемен (саяси партия кандидаттарының ашық тізімі бойынша), 36 депутат бір мандаттық сайлау округінде мажоритарлық жүйемен сайланады
ОСК өкілі Нұржан Шайлдабекова елде 2435 сайлау учаскесінің ашылғанын айтты. Шетелде 59 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.
«Барлық сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықпен және материалдармен жабдықталған. Учаскелерде бюллетень саны да жетерлік», - деді ол.
Оның айтуынша, ОСК дауыс беру процесін бақылау үшін 736 халықаралық бақылаушы тіркеуден өткен.

Еске салсақ, Қырғызстандағы парламент сайлауына 21 партия қатысып жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT