Қырғызстанда президентті ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

None
None
БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекова президентті ұлықтау рәсімі қай мерзімде өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Заң бойынша сайлау нәтижесі дауыс берілген мерзімнен кейінгі 20 күн ішінде жариялануы тиіс. Ал президент инаугурациясы сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін бір ай ішінде өткізілуі керек», - деді Нұржан Шайлдабекова брифинг барысында.

Оның айтуынша, заңде қандай жағдайда екінші немесе келесі тур өткізілуі анық жазылған. Егер сайлау нәтижесінде үміткерлердің бірі дауыс берушілердің 50 пайызынан астамының дауысын алмаған жағдайда екінші тур жарияланады. Оған көп дауыс жинаған екі үміткер қатысады,

«Алайда сайлауға қатысатын сайлаушылардың нақты санын анықтау туралы заңда талап көрсетілмеген», - деді Н.Шайлдабекова.

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда 20:41-дегі жағдай бойынша, Қырғызстан Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидат Садыр Жапаров ең көп дауыс жинады.


Соңғы жаңалықтар