Қырғызстанда парламент сайлауының алдын ала мәліметтері жарияланды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабеков Жогорку Кенешке депутаттар сайлауының алдын ала мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Мәселен, 7% межені 4 партия еңсерді: «Биримдик» – 24,53%, «Мекенім Қырғызстан» – 23,9%, «Қырғызстан» – 8,74%, «Бутун Қырғызстан» – 7,09 %.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясынан мәлім еткендей, сағат 23.20-дағы жағдай бойынша сайлаушылардың 1 млн 938 мың 454-і немесе 56,2% дауыс берді. 2 475 сайлау учаскесінің 2 416-сында дауыстар саналды. 59 учаскеден мәліметтер алынбады, олардың 45-і шет мемлекеттерде орналасқан.

ОСК Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау қорытындысын дауыс беруден кейін 20 күннен кешіктірмей жариялайтын болады.



Соңғы жаңалықтар