Қырғызстанда парламент сайлауы аяқталды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау аяқталды. Барлық дауыс беру учаскелері жергілікті уақытпен сағат 20.00-де жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Дауыс беру 2475 сайлау учаскесінде өтті, оның 45-і – шет мемлекеттерде орналасқан. Барлығы 3 млн 523 мың 532 электорат тіркелген.

Жогорку Кенеш сайлауына барлығы 16 саяси партия, 1 мың 957 кандидат тіркелді. Олар 120 депутаттық мандатқа үміткер.

Комиссия дауыстарды санауға кірісті. Дауыс берудің алдын ала мәліметтері кейінірек жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар