Қырғызстанда оқушылар белгісіз заттан жаппай уланды

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның Ош облысы Кара-Суй ауданында 43 оқушы белгісіз заттан уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 29 наурыз 16:00-де болған.

Ош облысаралық балалар ауруханасына 12-14 жас аралығындағы орта мектептің 43 оқушысы түсіп, оның 28-і ауруханаға жатқызылды.

Оларға «белгісіз заттан улану» алдын ала диагнозы қойылды. Балалардың жағдайы бірқалыпты.

Барлық зардап шеккендерді дәрігерлер қарап, қажетті анализ алынды.

2023 жылдың 30 наурызында дәрігерлердің консилиумының қорытындысы бойынша 13 жасөспірімнің 13-і ауруханадан шықты.

Қалғаны травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылардың бірі әтір сеуіп, салдарынан қалғандары уланып қалған.


Соңғы жаңалықтар