Қырғызстанда оқуға түсуде мемлекеттік тілді меңгергендер басымдыққа ие болады
2019 жылғы 11 қаңтар 15:50
Бөлісіңіз:

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан білім және ғылым министрлігі түлектерді жоғары оқу орнына іріктеу туралы ережеге мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі туралы сертификаты бар түлектерге басымдық беру туралы өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы «Кабар» агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес, жалпыреспубликалық тестілеуден бірдей балл алған түлектердің ішінде жоғары оқу орнына түсу гранты мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі туралы сертификаты бар талапкерге беріледі.
Министрлік дерегі бойынша, 2019 жылы тестті талапкерлер өз еріктерімен тапсыратын болады.
Мектеп оқушылары биыл 1 наурыздан бастап Қырғызтест сайтында сынама тест тапсыра алады.
Загрузка...
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Шымкентте алдағы жылы 1045 дәрігер білімін жетілдіреді
- Биыл Петропавлдағы әскери-техникалық мектепті 260 түлек бітірді
- Ертіс өңірінде 1-4 сынып оқушыларын мектептерде тегін тамақтандыруға 1,7 млрд теңге бөлінеді
- Павлодарлық оқушылар Қатардағы олимпиададан жүлдемен оралды
-
Ақмола тұрғынының 3 млн теңгесін жымқырған Қырғызстан азаматы ұсталды
-
Білім министрі: 12 жылдық жүйеге көшуде асығыстық болмайды
Загрузка...
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER