Қырғызстанда Наурыз мерекесі қалай тойланады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Наурыз айын қырғыздар «Нооруз» деп атайды. Егер мереке күні нәресте дүниеге келсе, онда есімі ай атымен байланыстырылып қойылады, ал қар жауса, бұл – жақсылықтың жаршысы болып саналады. ҚазАқпарат «Кабар» агенттігінің материалдарына сүйене отырып, Қырғызстандағы Наурыз мерекесіне қатысты материалдар топтамасын жариялайды.

21 наурызда туған ұлдарға әдетте Ноорузбек немесе Ноорузбай, ал қыздарға Ноорузгүл есімі беріледі. Наурыз мейрамы алдындағы түні келер жылы жауын-шашын мол болып, жақсы өнім алу үшін түрлі ыдыстарға бұлақ суы, сүт, дән құйылады. Сондай-ақ мереке күні үйді ретке келтіріп, қарыз таратып, бір кездері ренжіткен адамдарыңнан кешірім сұрау әдетке айналған. Мерекеде түрлі фестивальдар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ән мен биге толы болады.

Наурыз мерекесін тойлаған әрбір қырғыз отбасы түрлі тағамдар қойылған ақ дастархан әзірлейді. Кейбір үйлерде бұрынғы дәстүрді сақтап, көршілерге әдейілеп бидай уытынан ұн, сары май және қант қосып, халық арасында «сумолок» деп аталатын дәстүрлі бұқтырма дайындалады. Мереке қарсаңында жұрт үйлерін ретке келтіріп, қарыздарын өтеп, ренжіскен адамдармен татуласады.

Көктем келісімен қырғыз халқының көптен күткен мейрамы Нооруз келіп, міндетті түрде сумолок сорпасы әзірленеді. Бұл – ұн мен сары май қосып өнген бидайдан жасалған тағам.

Сумолокты мереке қарсаңында пісіре бастайды және пісіру уақыты түні бойы жалғасады.

Қырғызстан көктемгі күн мен түннің теңелуі – Нооруз мерекесін тойлайды. Бұл күн мен түннің теңескен күн, сондықтан оны баяғыда басқа күндердің қатарынан бөліп алған көптеген халықтар жаңа жылдың басын осыдан санаған.

Қырғызстандағы Ноорузды тойлау ат ойындары, садақ ату, сондай-ақ кок-боу мен эр эниш бойынша командалық жарыстарсыз елестету мүмкін емес. Халық сенімі бойынша, Наурыз мейрамы келгенде, адамдардың ауру-сырқаты мен сәтсіздіктің бәрі алыстап кетеді.


Соңғы жаңалықтар