Қырғызстанда Мырзаке-Алайкуу жолын қар көшкіні басып қалды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қырғызстанда Мырзаке-Қарақұлжа-Алайкуу автомобиль жолын қар көшкіні басып қалды. Бұл туралы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап Кабар агенттігі хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, бүгін таңғы 06:10 шамасында автожолдың 75-76 шақырымын қар басып қалған. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір арнайы қызметтер жолды қардан тазалап, көлікке жол ашып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар