Қырғызстанда мыңнан аса адам коронавирустан көз жұмды

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанда COVID-19 коронавирус инфекциясынан ауруханадан тыс пневмонияны есепке алғанда тәлігіне 28 адам көз жұмған. Бұл туралы Қырғызстанның COVID-19-бен күрес жөніндегі республикалық штабы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Көз жұмғандардың 8-і Бішкектен, 2-і Оштан, 4-і Чуй облысынан, 2-і Ош облысынан, 1 Нарын облысынан, 4-і Ыстықкөл облысынан, 5-і Жалал-Абад облысынан, 2-і Баткен облысынан.

«Эпидемия кезеңі басталғалы барлығы1 277 адам қайтыс болды», - делінген штаб хабарламасында.

Пандемия басталғалы елде 32 813 COVID-19 жұқтыру жағдайлары тіркелген. Індетке шалдыққан 20 388 адам сауығып шықты.


Соңғы жаңалықтар