Қырғызстанда мұнай базасы өртеніп, 2 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Жалал-Абад қаласындағы мұнай базасынан өрт шықты. 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды kabar.kg.

«10 мамыр күні, шамамен сағат 10:00-да Жалал-Абад қаласындағы Шерматов көшесінде орналасқан мұнай базасында өрт басталды», - деп мәлім етті Қырғыз Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалал-Абад облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Абдулнасыр Зәкіровтың ақпаратына сәйкес, өртті сөндіруге 10 өрт сөндірушілер тобы және 2 автосаты тартылған.

Оқиға орнында сондай-ақ, су ресурстары департаментінің су тасушы 3 көлігі, ІІМ қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы, Жалал-Абад облысы ТЖБ жедел тобы, ҚР ТЖМ күрделі жағдайларда басқару орталығының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жалын шарпыған мұнай базасына жақын маңда тұратын 2 мыңға жуық қала тұрғыны эвакуацияланған.

Төтенше жағдайлар министрі Нұрболот Мирзахмедов өртті сөндіру барысын онлайн бақылап отыр. Министрдің бұйрығымен тілсіз жауды ауыздықтауға Ош облысы ТЖБ өрт сөндірушілер тобы қосымша тартылған.

Зардап шеккен бар адам бар. 1995 жылы туған ер адам Жалал-Абад қалалық ауруханасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар