Қырғызстанда міндетті медициналық сақтандыру енгізіледі

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстан парламенті екінші оқытылымда «Қырғызстан Республикасындағы міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қырғызстан Республикасының Жогорку Кенеші баспасөз қызметінің хабарлауынша, қабылданған түзетулерге сәйкес, Қырғызстан Республикасының он алты жасқа толған азаматтары міндетті медициналық сақтандыруға жатады.
Бұдан басқа, Қырғызстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен елде уақытша немесе тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар үшін міндетті медициналық сақтандыру полисінің (МСҚ) құнын есептеу қарастырылмақ.
Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының төрағасы Азамат Мұқановтың айтуынша, қазір сақтандыруға жататын 6 млн азаматтың тек 4,5 млн-ы ғана жарна төлеп жүр. Жаңа нормаларды енгізу кезінде ММСҚ бюджетіне түсімдердің болжамды көлемі 3 млрд сомнан 8 млрд-қа дейін соманы құрайтыны күтілуде.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне жатпайтын тұлғалар міндетті медициналық сақтандыру полистерін алу арқылы міндетті медициналық сақтандыруға жарна төлейді.
ММС полисін рәсімдеу үшін төлқұжат және тұруға ықтиярхатпен (шетелдіктер үшін) ММСҚ аумақтық бөлімшелеріне, тұрғылықты (тіркеу) жері бойынша Отбасылық медицина орталықтарына немесе электрондық мемлекеттік портал арқылы ММС полюсін алуға өтінім толтыру және ел азаматтары үшін (12 ай мерзімге), шетелдіктер үшін (6 немесе 12 ай) полис құны төлеуі қажет.


Фото: publish.kuopio.fi


Соңғы жаңалықтар