Қырғызстанда қызылша ауруының тарауына байланысты дабыл қағуда

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда қызылша ауруының тарауына байланысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай атап өтілуде. Қырғыз елінің Денсаулық сақтау министрлігі өзінің сайтында қызылша ауруының белгілері, оның пайда болу себептері және аурудың алдын алу шаралары жазылған жадынаманы таратып, ел азаматтарын оның пайда болуының аз да болса белгілерін байқаған жағдайда бірден емдеу мекемелеріне келуді сұрайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланғандай, қызылша ауруының туындауының негізгі себебі - екпелерді өткізуден бас тартуға байланысты төмен иммундық қабат. Қырғызстанда екпе алудан бас тартудың 6 мың 462 оқиғасы тіркелген. Соның ішінде діни нанымдар бойынша бас тарту оқиғалары да бар.

«Қазіргі уақытта қалалық отбасылық медицина орталықтарында екпелердің жеткілікті дозасы бар - 200 мың. Қажеттілік туындаса, тағы сатып аламыз. Екпелер тегін жасалып, міндетті болып табылады», - деп атап өтті Бішкек қалалық денсаулық сақтау департаментінің директоры А.Мырзағалиев.

Соңғы жаңалықтар