Қырғызстанда коронавирустан екі адам көз жұмды, бірі медицина қызметкері

None
None
БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат – Бішкектегі Республикалық инфекциялық ауруханасында 2 мамыр күні COVID-19 коронавирус анықталған 2 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар сілтеме жасап.

Республикалық штабтың хабарлауынша, науқастың біреуі – медицина қызметкері, №3 К.Д.А. ОМО отбасылық дәрігерлер тобының басшысы, 58 жаста, екінші науқас 69 жастағы Жалал-Абад облысының тұрғыны.

«Екеуінде де екі жақты пневмония, тыныс алудың жеткіліксіздігі, індеттің ауыр түрі тіркелді. Оған қоса, жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, көп ағзалық жетіспеушілік сынды қосымша ауруы болған», - делінген хабарламада.

Осылайша, Қырғызстанда COVID-19 диагнозымен 10 адам қайтыс болды.

Қырғыз Республикасында бүгін, 2 мамыр күні 13 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркеліп, індет жұқтырғандар 769-ға жетті. Олардың 200-і медицина қызметкері. 527 адам инфекциядан жазылып, ауруханадан шығарылды, олардың 122-і медицина қызметкері.


Соңғы жаңалықтар