Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандармен 6,7 мың адам байланыста болған

None
None
БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат - Қырғызстанда COVID-19 коронавирусына шалдыққан науқастармен 6 775 адам байланыста болған. Бұл туралы Қырғызстанның Үкімет үйінде болған брифингіде Денсаулық сақтау министрі Нұрболот Үсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

24 мамыр күні елде COVID-19 вирусын жұқтыруға қатысты 38 оқиға тіркеліп, індет жұқтырғандар саны - 1 403 болды. 980 азамат індеттен жазылып, ауруханадан шыққан. Он төрт адам қайтыс болды.

Тәулік ішінде коронавирусты тағы екі медициналық қызметкер жұқтырған.

Министр медициналық қызметкерлер арасында COVID-19 диагнозы қойылған 275 адам тіркелгенін, соның ішінде 230 адам стационардан жазылып шыққанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар