16:13, 27 Наурыз 2020 | GMT +6
Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны 58-ге жетті
БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат – Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны 58 адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат КАБАР-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет үйінде өткен брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнура Акматованың мәліметінше, 27 наурыз сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 14 адам коронавирус жұқтырған. Джалал-Абад пен Ошта 7 адамнан. Барлығы Джалал-Абад облысында – 27, Ош – 26, Бішкек – 4, Баткен облысында – 1.