Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар 43 мыңнан асты

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда тәулік ішінде 134 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Қырғызстанда барлығы 43 мың 23 адам коронавирус жұқтырған. Оның 36 мың 397-сі жазылып шыққан.

Елде коронавирус басталғаннан бері 1 мың 56 адам осы қауіпті дерттен көз жұмған.


Соңғы жаңалықтар