Қырғызстанда киберспорттан жарыс өткізген театр басшысы жауапкершілікке тартылады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда киберспорт сайысын театр ғимаратында өткізуге рұқсат берген мәдениет мекемесінің басшысына шара қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұлов Қырғыз ұлттық опера және балет театрының басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылады деп мәлім етті.

Ол аталмыш театрда Dota-2 компьютер ойынынан сайыс өткізуге министрлік қарсы екендігін жеткізді.

«Мәдени орындарда тек қана мәдени шаралар өткізілуі тиіс. Dota бұл тұжырымға сай келмейді. Сондықтан басшылыққа қатысты тәртіптік шаралар қолданылады», - деді ол.

Оның айтуынша, 21 қаңтарда осы мәселеге қатысты тәртіп комиссиясы құрылады.

Агенттіктің хабарлауынша, елдің басты театрында Dota-2 киберспортынан сайыс өткізілуі жұртшылықтың наразылығын тудырған.

Соңғы жаңалықтар