Қырғызстанда Қазақстанның дінаралық диалогті дамытудағы рөлі талқыланды
2022 жылғы 17 маусым 01:30

Қырғызстанда Қазақстанның дінаралық диалогті дамытудағы рөлі талқыланды

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бішкектегі Абай Құнанбаев мәдени орталығында «Адамзаттың рухани, әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі» атты баспасөз брифингісі өтті. Іс-шара 14-15 қыркүйек аралығында елімізде болатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға қатысушылар Қазақстанның конфессияаралық келісімді қолдаудағы рөліне жоғары баға берді. Сондай-ақ Қырғызстанның дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы директорының орынбасары Гүлназ Исаева екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту қажеттігін атап өтті.

«Біз жақын көршілер ретінде екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға тиіспіз. Діни және мәдени ынтымақтастық, тәжірибе алмасуды қамтитын рухани сала біздерді жақындастыра түседі. Конфессияаралық диалог құру үшін діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, діни білім беруді дамыту қажет. Бұл радикализм, экстремизмнің алдын алуға мүмкіндік береді. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Сондықтан ұлттар арасындағы қарым-қатынасты мемлекеттік деңгейде қолдау, олармен ашық диалог құру міндеті тұр. Біз Қазақстанның бұл бағыттағы бастамаларын қолдаймыз», - деді Гүлназ Исаева.

Ал Қырғызстандағы Халықаралық мұсылман форумы өкілдігінің жетекшісі Азамат Исмағамбетов Нұр-Сұлтанда өтетін съездің маңыздылығына тоқталды. Оның сөзінше, Қазақстан аталған шараны ұйымдастыра отырып, орын алған мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT