
22.06.2022 17:00
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жасаған ресми сапарының бағдарламасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысуымен аяқталды.