10:16, 11 Қараша 2016 | GMT +6
Қырғызстанда қасқыр үйге кіріп кетіп, іштегілерге шабуыл жасады
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда қасқыр үйге баса көктей кіріп, балаға шабуылдаған, деп хабарлады Бішкектегі «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кеше, 10 қарашада, сағат 20.00-дер шамасында құтқарушылар милицияға Нарын облысы Кочкор ауданы Ақ-Жар ауылындағы үйлердің біріне қасқыр кіріп кетіп, 2005 жылы туған төртінші сынып оқушысын қауып алғаны туралы қоңырау шалған», - делінген хабарламада.
Баланың әкесі қасқырды дереу атып үлгерген. Оқиға орнына ветеринариялық және фитосанитарлық қызметінің мамандары келіп қасқырды зерттеді. Сараптама нәтижесі әзірге дайын емес.
Ұл бала аудандық аурухананың хирургиялық бөлімінде жатыр.