Қырғызстанда қаржы пирамидасын жарнамалағандарға жауапкершілік күшейді

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда қаржы пирамидаларын жария түрде жарнамалағандарға жауапкершілікті күшейтетін «Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 221-бабы қаржылық пирамиданы жария түрде жарнамалау, бұқаралық ақпарат құралдарын және интернет-ресурстарды пайдалана отырып, аса ірі көлемде залал келтірумен байланысты жауапкершілікті белгілейтін жеке нормамен толықтырылды. Қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін 1500-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін (1718 доллардан 2290 долларға дейін) айыппұл қарастырылған.

Бұған дейін Қырғызстан ІІМ-нің 2022 жылғы деректері бойынша қаржы пирамидаларының заңсыз қызметі фактілері бойынша 1052 қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Зардап шеккен қырғызстандықтардың саны мыңнан асты. Келтірілген материалдық шығынның мөлшері 273 миллион сом және 1,5 миллион АҚШ долларынан асады. Көбінесе алаяқтардың құрбандары - елдің ірі қалалары Бішкек пен Ош, сондай-ақ Шу, Нарын, Ыстықкөл, Талас, Жалал-Абад облыстарының тұрғындары.


Соңғы жаңалықтар