Қырғызстанда қара металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға мораторий енгізіледі

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары елдерге қара металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға уақытша тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тыйым қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына, қайта балқытуға арналған қара металл құймаларына (шикіқұрамалық құймалар) қатысты.

Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрлігіне Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық комиссияға мораторий енгізілгені туралы хабарлау, ҚР Сыртқы істер министрлігіне ТМД Атқарушы комитетін, мемлекеттік кеден қызметі мен ҰҚКҰ Шекара қызметін хабардар ету, тауарларды заңсыз шығарудың жолын кесуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Тыйым салуды жарты жылға енгізу ұсынылды.




Фото: www.blrt.ee


Соңғы жаңалықтар