Қырғызстанда қар көшкіні болған жерде екі адам жоғалып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Жалал-Абад облысында қар көшкіні болған жерде екі адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 16 ақпанда Ала-Бука - Жаны Базар - Кировка тасжолының 80-90 шақырымында қар көшкіні жүріп, бұл учаскеде Mercedes-Benz шағын автобусының жүргізушісі мен жолаушысы қалып қойған.

Оқиға орнына Чатқал аудандық мемлекеттік әкімшілігі басшысының орынбасары, құтқарушылар мен ДЭУ жүк көлігі аттанған-ды.

Алайда, қар көшкіні жүру қаупі жоғары болғандықтан жұмыс тоқтатылды.

Шағын автобус жүргізушісі 16 ақпан күнгі сағат 17:30-дан бері байланысқа шықпаған.

Осыған байланысты 5 құтқарушы оқиға орнына арнайы көлікпен шықты.

Алайда жол учаскесіне көлікпен жету қиындық тудыруына байланысты іздеу жұмысын жалғастыру үшін жаяу жүруге тура келді.

Қосымша ақпарат кейінірек беріледі.

Фото: kabar.kg


Соңғы жаңалықтар