Қырғызстанда халықаралық этнокарнавал өтіп жатыр

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – ХІІ Халықаралық этнокарнавал қатысушылары Бішкектен Ыстықкөлге шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Этнокарнавалға Қырғызстан, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан 500 бала қатысып жатыр.

Мақсат – Қырғызстан мен ТМД елдерінің этномәдени ерекшеліктерін зерттеу, жандандыру және сақтау, достық қарым-қатынас орнату. Сондай-ақ, балалардың көркемдік, музыкалық, вокалдық, хореографиялық шеберліктерін дамыту.

Этнокарнавал Бішкекте шеруден басталып, Ыстықкөлге бағыт алды. Бағдарлама бойынша музыкалық қойылымдар, қатысушы елдер шеберлерінің хореография, вокал, халық аспаптары жөніндегі шеберлік сағаттары қарастырылған.

Іс-шара аясында «Ыстықкөл достарды жинайды-2022» VII Халықаралық балалар шығармашылығы байқауы өтеді.

Биыл алғаш рет «Театр өнері» номинациясы бойынша байқау ұйымдастырылмақ. Құрамында түрлі елдердің жетекші мамандары бар қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шығармашылығын, еңбексүйгіштігін, орындау сапасын, сахнадағы шеберлігін бағалайды.




Фото: kabar.kg
Соңғы жаңалықтар