Қырғызстанда электр энергиясының тарифі көтеріледі

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда 1 мамырдан бастап тұрғындар үшін электр энергиясы 0,77-ден 1 сомға дейін қымбаттайды. Мұндай жарлыққа ҚР Министрлер кабинеті қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Құжатқа сәйкес, сағатына 700 кВт электр энергиясын пайдаланған жағдайда, 1 кВт құны бұрынғыша 2,16 сом/кВтсағ күйінде қалады. Мұқтаж отбасылар мен азаматтар үшін де баға өзгермейді – 50 тиын. Ал шектеусіз пайдалану (қуаты шектеусіз) 5,04 сом/кВтсағ-тан 3,28 сом/кВтсағ-қа арзандады.

Тарифтерді өзгерту шарасы елдің энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтыну көлемі қатты артқанына қарамастан тұрғындарды электрмен тоқтаусыз жабдықтау және ескірген құрылғыны модернизациялауға бағытталған.

Қырғызстан ТМД елдері арасында электр энергиясы ең арзан елдердің бірі. Электр энергиясын тұтыну жыл сайын артып жатқандықтан ел жетіспейтін көлемді көршілес елдерден импорттауға мәжбүр.

Гүлмира Әбдірахманова


Соңғы жаңалықтар