Қырғызстанда электр энергиясына шексіз тариф енгізіледі

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда электр энергиясын шектеусіз пайдалануға ниет білдірген тұлғалар үшін электр энергиясын тұтынудың жаңа тарифі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тариф жасалған келісімге сәйкес энергияны көп қажет ететін тұтынушыларға да жоғары бағамен ерікті негізде қолданылады және халыққа электр энергиясын тұтыну мен қуатты шектемей пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда майнингтік криптовалютамен айналысуға рұқсат етілмейді. Тұтынушылар электр энергиясының лимитсіз тарифін жылыту мақсатында пайдалана алады. Ол үшін азаматтар тиісті техникалық шарттарды алып, электрмен жабдықтаушы ұйыммен жеке шарт жасасуы қажет. Халық үшін «шексіз» тарифке салық салынбайды.

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті қабылдаған шешімге сәйкес, 2022 жылға арналған электр және жылу энергиясына қолданыстағы тарифтер ел тұтынушыларының барлық санаттары үшін өзгеріссіз қалады.


Соңғы жаңалықтар